• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Ресейде ұшақ құлап, 49 адам қайтыс болды

80 рет
көрсетілді

Ресейдің Амур облысында Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта болған барлық 49 адам көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Апатқа ұшыраған әуе кемесі «Ангара» әуе компаниясына тиесілі болған. Ол Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша рейс орындаған. Ұшақ Тында қаласына қону кезінде апатқа ұшыраған. Әуе кемесі әуежайға бірнеше шақырым қалғанда радиобайланысқа шықпай қалған. Алғашқы қону әрекеті сәтсіз аяқталып, ұшақ екінші айналымға кеткеннен кейін радардан жоғалып кеткен. Кейін белгілі болғандай, әуе кемесі таулы аймақтағы бір жотаның етегіне соғылып, жерге құлаған.

Ресми деректерге сәйкес, ұшақ бортында 49 адам болған, олардың алтауы экипаж мүшелері, қалған 43-і  жолаушылар, оның ішінде бес бала бар. Амур облысының Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығының мәліметінше, апат орнына әуеден жүргізілген шолу барысында тірі қалғандар анықталмаған. Алайда, жердегі іздеу жұмыстары барысында жағдай нақтылануы мүмкін.

Ұшақтың сынықтары Тында қаласынан 16 шақырым жерден табылған. Telegram-арналарда жарияланған ақпарат бойынша, ұшақтың қалдықтары жарты шақырым аумаққа шашылып кеткен. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі апат орнынан ұшақтың жанып жатқан фюзеляжы табылғанын растаған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.