• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Қазақстандық дзюдошылар Универсиадада қола жүлдегер атанды

30 рет
көрсетілді

Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Жазғы Универсиадада Қазақстан спортшылары алғашқы жетістіктеріне қол жеткізді. Дзюдо жарыстарының алғашқы күнінде ұлттық құраманың екі өкілі жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан қола медаль үшін өткен белдесуде грузиялық қарсыласы Лука Модебадзені жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта белдескен Нұрқанат Серікбаев украиналық спортшы Микита Холобородьконы айқын басымдықпен ұтып, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде салды.