• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2025

Ақтөбеде мотокөліктер мен мопедтерге тексеріс жүргізілді

30 рет
көрсетілді

Шілде айында Ақтөбе облысында мотокөлік және мопед жүргізушілеріне қатысты рейдтік тексерістер кезінде  200-ден астам  әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, деп жазады Egemen.kz.

Таратып айтқанда, 132 мопед иесінің жүргізушілік куәлігінің болмауы,  16 жағдайда қорғаныс  бас киімінің жоқтығы және 102 мотокөліктің мемлекеттік тіркеуге алынбағаны анықталды, деп хабарлайды egemen.kz.

Полиция қызметкерлері  заңбұзушылықтарға жол берген мотокөліктер мен мопед  жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды  ескертті. 

Жалпы рейд барысында қала көшелерінде жүрген осы санаттағы 700-ден астам көлік құралдары тексерістен өтті. 

Ақтөбе облысының полиция департаменті жаяу жүргіншілерден бастап автокөлік және мотокөлік жүргізушілерін де   жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.  Мопедтердің қала көшелеріндегі қозғалысын  бақылау және  апатты жағдайлардың алдын алуға байланысты  профилактикалық шаралар жаздың соңына дейін жалғасады.

Ақтөбе облысы.