«Барыс» хоккей клубы негізгі құрамның жаттықтырушылар штабына өзгеріс енгізетінін мәлімдеді. Бұл шешім өткен маусымдағы қанағаттанарлықсыз спорттық нәтижелерге байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазіргі уақытта «Барыстың» бас бапкерінің міндетін уақытша Евгений Королев атқарады. Барлық регламенттік рәсімдер аяқталғаннан кейін, жаттықтырушылық құрамдағы өзгерістер бойынша толық ақпарат беріледі», делінген ресми мәлімдемеде.
Айта кетейік, Sports.kz порталының хабарлауынша, Ғалым Мәмбеталиевтің басшылығымен өнер көрсеткен «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) өткен маусымындағы регулярлық чемпионатта Шығыс конференциясында 12-орын (соңғы орын) иеленген. Команда 68 матчтың 54-інде жеңіліп, бар болғаны 35 ұпай жинаған.