2025 жылдың алғашқы алты айында еліміздің екінші деңгейлі банктері 1,4 трлн теңге көлемінде таза пайда тапты. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми статистикасында көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.
Маусым айының қорытындысына сәйкес, бір ай ішінде банктердің жиынтық таза пайдасы 235 млрд теңгеге артып, 1,14 трлн теңгеден 1,37 трлн теңгеге жеткен.
Сала активтері де өсе түсті: мамырда 63,36 трлн теңге болған көрсеткіш маусым соңында 64,84 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Банктердің міндеттемелері бір ай ішінде 1,2 трлн теңгеге өсіп, 55,5 трлн теңгені құрады. Ал меншікті капитал 9,4 трлн теңгеге жетіп, айлық өсім 400 млрд теңгені құрады.
Банк секторындағы жеке қаржы ұйымдарының табысы туралы мәліметтер ай соңына қарай жарияланады. Ал мамыр айындағы дерекке сәйкес, ең жоғары таза пайда көрсеткен үш банк қатарында Halyk Bank, Kaspi Bank және атауын Alatau City Bank деп өзгерткен бұрынғы Jusan Bank болды.