• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:46

Жетісуда 100 мың гектардан астам егістік суарылған

20 рет
көрсетілді

Жетісу облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы жергілікті шаруалармен су беру бойынша 7 мың 404 келісімшарт жасасқан. Вегетация кезеңі басталғалы 100 мың гектардан астам егістік жер суарылып, 527,5 млн текше метр су алынған, сондай-ақ 17 мың гектар алқапта ылғалдандыру жұмысы жүргізілген, деп жазады Egemen.kz.

Осы айдың бірінші онкүндігінде жауын-шашынның аз түсуі және қолайсыз ауа райына байланысты филиал каналдар арқылы суды кезекпен беру туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар Қаратал ауданының диқандарын сумен қамтамасыз ету үшін Көксу өзенінен қосымша су жеткізілген.

Жетісу облысындағы «Қазсушар» РМК филиалының директоры Саят Құдайбергеновтің айтуынша барлық өндірістік учаскеде шаруалардың сұранысына сәйкес су беріледі. Вегетация қалыпты режимде өтіп жатыр.

«Таулы мұздықтардан бастау алатын өзендердің деңгейі жыл бойы жауған жауын-шашын мөлшеріне және ауа температурасына байланысты. Филиал мамандары суармалы судың әділ бөлінуін тұрақты бақылауда ұстап отыр. Өңірде жағдай тұрақты», деді С.Құдайбергенов.