• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Бүгін, 09:28

Балқаш көлінде шомылған әйел жағалауға жете алмай қалды

20 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы, Приозерск қаласындағы Балқаш көлінде құтқарушылар 1995 жылы туған әйелге көмек көрсетті. Ол қатты ағысқа қарсы жүзе алмай, жағалауға жете алмай қалған.  Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

— Әйелді ағыс алып кеткен. Құтқару шеңберіне жетуге тырысқан, алайда ағысқа қарсы жүзуге шамасы жетпей, қалып қойған. Құтқарушылар дереу әрекет етіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізді, — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жағдайы тұрақты. Оған медициналық тексеру мен қажетті көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді.