• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Бүгін, 17:00

«Таза Қазақстан» акциясы кезінде 2 426 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған

40 рет
көрсетілді

2024 жылдың 15 сәуірінен басталған республикалық ауқымдағы «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаның ластануына назар аударуды, табиғатты қорғауды және экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді, деп жазады Egemen.kz. 

Белсенді азаматтармен бірлесіп рейдтер өткізіп жүрген полицейлердің заңсыз қоқыс тастау орындарын және қалдықтарды төгу фактілерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ тұрғындар мен ұйымдарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше акция басталғалы 2 426 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталған. 480 мыңнан астам құқықбұзушы жауапкершілікке тартылған. Жергілікті атқарушы органдарға құқықбұзушылықты жою туралы 1 500-ден астам ұсыным жолданып, соның негізінде 1 256 қоқыс үйіндісі жойылған.