Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты. Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.