Нью-Йорктегі Статен-Айленд аралындағы кеме жөндеу зауытында болған жарылыс пен өрт салдарынан 16 адам зардап шекті, деп хабарлады Egemen.kz.
Нью-Йорк өрт сөндіру департаментінің мәліметінше, екі өрт сөндіруші мен бір азамат ауыр жарақат алған. Сонымен қатар тағы 11 өрт сөндіруші және жедел жәрдем қызметінің екі қызметкері зардап шеккен.
Қаладағы өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, шығыс уақыты бойынша шамамен сағат 15:30-да жабық кеңістікте қалып қойған жұмысшылар туралы хабар түскен. Ал қуатты жарылыс шамамен 16:20-да болған.
«Ричмонд-Террас пен Мерсеро-авеню ауданында көлік қозғалысының кідірісі, жолдардың жабылуы, қоғамдық көлік жұмысының бұзылуы және авариялық қызметтердің болуы күтіледі. Балама бағыттарды пайдаланыңыздар», делінген қалалық төтенше жағдайлар туралы ескерту жүйесінің X әлеуметтік желісіндегі ресми хабарламасында.
Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігімен соқтығысты: Зардап шеккендер бар
Өрт пен жарылыстың себептері әлі де тергеліп жатыр.