• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 08:50

Жарыс күнделігі

20 рет
көрсетілді

Болгарияның Пазард­жик қаласында бадминтоннан «Victor Bulgaria Junior Chal­lenge 2025» турнирі аяқталды. Әлем­­нің 25 елінен спортшылар қатыс­­қан жарыста еліміздің жасөспі­­рім­дер құрамасы екі жүлдеге ие болды. Жұптық сайыста Диана Наменова мен Алиса Кулешова қола медаль иеленсе, Арнұр Тәпішев пен Алиса Кулешова аралас жұптық бәсекеде дәл сол межеден көрінді.

 

Бакуде шахматтан жас өрендер арасында өткен Әлем кубогінде жерлестеріміз екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. 8 жасқа дейінгі ­ойыншылар сайысында Алиша Байсалиева алдына жан салмай, алтыннан алқа тақты. Ол финалда ресейлік Варвара Волкованы ұтты. Дәл сол жастағылардың жарысында Әдинұр Әділбек қола жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орын үшін тартыста қандасымыз Ресейдің тағы бір өкілі Багдан Калининді қапы қалдырды. Италияның Лонато-дель-Гардеда қаласында стенд атудан әлем кубогі басталды. Жарысқа 73 мемлекеттен келген 500-ден астам мерген қатысады. Дүбірлі додада еліміздің туы астында Асылхан Айсалбаев, Богдан Конченко, Никита Моисеев, Марк Почивалов, Анастасия Прилепина, Айжан Досмағамбетова, Максим Почивалов, Ольга Хаилова, Анастасия Молчанова, Ольга Панарина, Диана Сәбекова, Әдел Садақбаева, Илья Пеньков, Данил Стрельцов, Эдуард Ещенко сынды спортшылар бақ сынайды.

Бокстан Олимпиада, әлем чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегін 19 шілдеде Вашингтонда өткізеді. АҚШ астанасында ол Джеймс Бэйконмен айқасады. 30 жастағы Филиппиннің өкілі 31 кездесудің 26-сында жеңіске жетіп, бесеуінде ұтылды. Бұл – Данияр үшін UFC-дің президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясының спорт басқармасының басшысы Турки әл-аш Шейх жетекшілік ететін «TKO Boxing» компаниясымен келісімшарт жасасқаннан кейінгі алғашқы бәсеке. Футзалдан келесі жылдың 20 қаңтары мен 7 ақпаны аралы­ғын­да Словения, Латвия, Литвада өтетін Еуропа чемпионаты­ның іріктеу турнирінің плей-офф сайысында еліміздің құрамасы Италиямен күш сынасады. Бұл кездесу 15–24 қыркүйек аралығын­да ұйымдастырылады.