Білікті бапкер Мадияр Құрамысов жаттықтыратын еліміздің ұлттық құрамасы Түркияның Коджаэли қаласында өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті.
Жарысты жерлестеріміз бес жүлдемен қорытындылады. Әлем чемпиондары Нұрқожа Қайпанов (74 кг) пен Ризабек Айтмұхан (97 кг) барлық қарсыласын айқын ұтып, алтын медальды олжалады. Начын Куулар (70 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Әлішер Ерғали (125 кг) финалға дейін еш кедергісіз жеткенімен, шешуші тұста ұтылып, күмісті қанағат тұтты.
Жалпы командалық есепте еліміздің құрамасы бозкілем қожайындарын алға жіберіп, екінші орынды иеленді. Үшінші орында – Болгария балуандары.