• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Ең көп гол соққан футзалшы – Андерсон Алвес

30 рет
көрсетілді

Футзалдан Қазақстан чемпионаты аяқталғаннан кейін осы маусымда ең көп доп соққан ойыншылардың есімдері белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Сұрмергендер көшін Андерсон Алвес бастап тұр. «Семей» клубы сапында жасындай жарқылдап жүрген бразилиялық легионер биылғы маусымда 51 голдың авторы атанды. Екінші орынды Алвестің командалық әріптесі Камиль Герейханов иеленді. 24 жастағы Дағыстанның тумасы 40 рет нысананы дәл көздеді. Үшінші орында – Рейс Кардосо, «Ақтөбенің» ең үздік ойыншысы 36 мәрте мергендік танытты.

Сондай-ақ, ТОП-10 сұрмергеннің қатарына мына футзалшылар енді: Габриэл Аугусто («Атырау») – 35, Денер Родриго («Қайрат») – 34, Алиссон Невес («Қайрат») – 33, Олег Кручинин («Атырау») – 29, Джеферсон («Аят») – 28 және Фелипе Франсиско Морено («Байтерек») пен Асхат Күлбаев («Ақтөбе») – 26 гол.