• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 02 Шілде, 2025

Назым Қызайбай әлем кубогінің жартылай финалына өтті

50 рет
көрсетілді

Астанада өтіп жатқан әлемдік доданың сағат 14:00-де басталған күндізгі сессиясында қазақтың үш бұрымды боксшысы жарыс жолына шыққан болатын. Олардың екеуі жеңіске жетіп, біреуі есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.

48 келі салмақ бойынша өзбек боксшысы Азия ойындарының чемпионы Фарзона Фозиловамен жекпе-жек өткізіп, үш раунд бойы толық басымдық көрсеткен Назым Қызайбай төрешілер шешімімен айқын жеңіске жетті. Енді жартылай финал бойынша жекпе-жек өткізеді.

Тағы бір отандасымыз, атап айтқанда 51 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Дженифер Лозаномен (АҚШ) қолғап түйістірген Алуа Балқыбекова тең дәрежеде өтіп жатқан жекпе-жектегі шешуші раундта жеңісті жұлып алды. Сөйтіп, алғашқы кездесуін жеңіспен бастап, келесі айналымға өтті.

Ал 80 келі бойынша жұдырықтасқан Гүлсая Ержан үндістандық Пуджа Раниге есе жіберді.