• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 15:08

Дулат Бекбауов кәсіпқой боксқа ауысты

20 рет
көрсетілді

Еліміздің танымал боксшысы, әлем мен Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов кәсіпқой рингге бақ сынауға бел буды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол өзінің тұсаукесер кездесуін 11 шілдеде Алматыда өткізеді. Қарсыласы – Мариос Матамба. Жартылай орта салмақтағы Конгоның өкілі осы күнге дейін 15 мәрте шаршы алаңға шығып, 13 рет жеңіске жетті. 10 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Матамба WBO Africa мен IBF African нұсқалары бойынша алтын белбеу иегері.