• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.29
  • EUR:
    613.28
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 10:00

Қарағанды облысында 51 медициналық мекеменің құрылысы аяқталады

20 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының заңсыз иемделген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елде қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қайтарылған қаражат әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет Қарағанды облысындағы 51 медициналық мекеме құрылысын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 5,9 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынфп жатыр және оларды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Шет, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра және Осакаров аудандарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар, сондай-ақ фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынады. Оларды жүзеге асыру шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Медициналық қызметке қолжетімділік, алдын алу жұмыстары, ерте диагностика, сондай-ақ төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсетіледі», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ұлттық жоба аясында елімізде жалпы саны 655 нысанның құрылысы жоспарланған, олардың ішінде бүгінгі күнге дейін 480-і аяқталды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орындары мен ауруханаларды жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен және Арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлініп жатыр.