• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 15:26

Иран мен Израильден 296 отандасымыз эвакуацияланды — СІМ

50 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасынан 230 азаматты және Израиль мемлекетінен 66 адамды эвакуациялады. Бұл туралы брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Ираннан 230 қазақстандық эвакуацияланды. Қазіргі уақытта бұл елде 50-ге жуық азаматымыз қалды, олардың көпшілігі дипломатиялық қызмет қызметкерлері», деді ол.

А.Смадияровтың айтуынша, Израильден Қазақстанның 66 азаматы эвакуацияланған. Елде 170-ке жуық адам қалды.

Ол Сыртқы істер министрлігі өңірлердегі жағдайды бақылауды жалғастырып, шетелдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста екенін айтты.

Хабарланғандай, АҚШ мемлекеттік хатшысы Қытайды Ормуз бұғазы мәселесінде Иранға ықпал етуге шақырды. Бұған дейін Израиль әуе күштері Ирандағы зымырандық инфрақұрылымға соққы жасаған болатын.