• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 14:00

Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері

30 рет
көрсетілді

Апталық шолу ақпаратты сала министрлігі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Көркем гимнастика: Софияда (Болгария) юниорлар арасындағы әлем чемпионатында Ақмарал Ерекешева тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол доп және лента жаттығуларында алтын, шығыршық жаттығуында күміс медаль жеңіп алды.

Семсерлесу: Индонезияның Бали қаласында Азия чемпионатында отандастарымыз 1 күміс және 1 қола жүлде еншіледі.

Спорттық гимнастика: Challenge Cup (Өзбекстан) жарысында ұлттық құраманың үш спортшысы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Байдарка және каноэмен ескек есу: Таиландтың Районг қаласында өткен Азия чемпионатында (U23) ұлттық құрама 6 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есеп бойынша 2 орын алды.

Күрес: Вьетнамның Вунгтау қаласында 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия бәсекесінде балуандарымыз 6 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль олжалады.

Жағажай волейболы: Таиландтың Ройет қаласында жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. Бұл – ел тарихындағы жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын.

Садақ ату: Сингапурдегі Азия кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.

Теннис: Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол әлемнің 11-ракеткасы ресейлік Даниил Медведевті жеңді.Сондай-ақ Зарина Диас Испанияда ITF W35 турнирінде топ жарды.