• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 16:16

Өнеркәсіп өндірісінің бес айдағы жетістігі

10 рет
көрсетілді

2025 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,4%-ға өсті, тау-кен өнеркәсібінде 7,8%-ға және өңдеу өнеркәсібінде 6%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика байқалады: қара металургияда (+3,4%), машина жасауда (+10,5%), тамақ өнімдерін шығаруда (+10,5%), мұнай өңдеуде (+11,3%), химия өнеркәсібінде (+9,9%), құрылыс материалдарын өндіруде (+10,3%), резеңке және пластмасса бұйымдарында (+4,8%), дайын металл бұйымдарында, машиналар мен жабдықтардан басқа (+17,5%), жеңіл өнеркәсіпте (+2,7%) және жиһаз өндірісінде (+6,8%), деп хабарлайды Egemen.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Машина жасау саласы 10,5% деңгейінде өсім көрсетіп отыр, оның ішінде басқа көлік құралдарын шығару (+6,9%), ауыл шаруашылығы техникасы (+2,1%), электр жабдықтары (+28,8%), компьютерлерді, электрондық және оптикалық жабдықтарды шығару (1,8 есе), машиналарды жөндеу және орнату (+18,8%) салаларының өсуі байқалады. Ауыл және орман шаруашылығы тракторларының өндірісі (+53%), астық оратын комбайндар (+129,7%), жатқыштар (+66,7%), мұнай-газ жабдықтары (+30,6%), жеңіл автокөліктер (+1,4%), автобустар (+3,8%), арнайы техника (+65,1%), локомотивтер (+3,4%), жүк вагондары (+242,6%) өндірісі артты.

Қара металлургияда 5 ай ішінде өндіріс көлемі 3,4%-ға өсіп, ферроқоспалардың өндірісі (+3,8%), шойын (+12,8%), болат (+5,9%) және жазық прокат (+11,9%) өсті.

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс көлемі 2,7%-ға өсіп, киім өндірісі (+7%) артса, тоқыма бұйымдары (-2,7%) төмендеді. Теріден және оған қатысты өнімдер өндірісінде (-13,4%) қысқарту байқалды.

Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 9,9%-ға өсіп, полипропилен өндірісі (+65,8%), металлургиялық хром оксиді (+4%), аммофос (+92,2%), күкірт қышқылы (+3,5,2%) және жуғыш заттар (+6,2%) өндірісі артты.

Құрылыс материалдарын өндіру 10,3%-ға өсті, бұл отқа төзімді өнімдер (+1,2%), цемент (+13,2%), сілті (+8,1%), құрылысқа арналған бетон бұйымдары (+17,8%), бетон конструкциялары, дайын бетон, құрылыс ерітінділері (+15%), ескерткіштер, безендіру және құрылысқа арналған өңделген тас (+30,8%) және цемент, бетон немесе жасанды тас плиткалары, кірпіштер және ұқсас өнімдер (+12,3%) өндірісінің өсуімен байланысты.