Өткен аптада отандастарымыз спорттың жеті түрі бойынша жетістіктерге жетті, деп жазады Egemen.kz.
Әуесқой бокс: Нидерландта Eindhoven Cup турнирінде отандық боксшылар 5 алтын, 3 қола медаль иеленді.
Дзюдо: Әбиба Әбужақынова Будапеште (Мажарстан) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегер атанды. Бұған дейінгі әлемдік додада 2 мәрте қола жүлдегер атанған.
Волейболды отырып ойнау: Қытайдың Ханчжоу қаласында Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетіп, алғаш рет Азия жеңімпазы атанды.
Көркем жүзу: Сиань (Қытай) қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінде отандық спортшылар 1 күміс, 2 қола жүлде еншіледі.
Таеквондо: АҚШ-тың Шарлотт қаласында Гран-при санатындағы жарыстың алғашқы кезеңінде Тамирлан Тілеулес (58 кг) пен Батырхан Төлеуғали (80 кг) қола жүлдеге ие болды. Ал Аустриядағы Austrian Open турнирінде еліміздің жасөспірімдер мен жастар құрамасы 1 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алды.
Нысана көздеу: Германияның Мюнхен қаласында Әлем кубогінде Валерий Рахимжан 241.9 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Пара каноэ: Таиландтағы құрлықтық додада отандастарымыз 3 алтын, 5 күміс, 2 қола, барлығы 10 жүлде еншіледі.