• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Отбасы Кеше

Астанада «ХХІ ғасыр әкесі: әрекетке шақыру» декларациясы қабылданды

50 рет
көрсетілді

Қазақстанда маусым айының әр үшінші жексенбісінде Әкелер күні аталып өтеді. Осыған орай Астанада, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әке.Отбасы.Қоғам» X Республикалық әкелер форумы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова және «NazymPR» ЖШС директоры Назым Жанғазинова, «Әкелер Одағы» РҚБ төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет, ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі Чинве Огбонна, республикалық Әкелер одағының өңірлік өкілдері, зиялы қауым өкілдері, отбасылық саясат саласының сарапшылары, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері — жалпы 200-ге жуық адам қатысты.

Биылғы форумда дәстүрлі түрде ата-ана болу, бала тәрбиесі, олардың қауіпсіздігі мен денсаулығы және барлық отбасы мүшелерінің психикалық денсаулығы секілді маңызды мәселелер көтерілді. Кездесу тақырыптары Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында айқындап берген бағыттар негізінде белгіленді.

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Сондықтан біліммен қатар тәрбиеге айрықша назар аудару өте маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда сөйлеген сөзінде.

10 жыл қатарынан форум ата-аналарды, тәрбиешілерді, психологтар мен сарапшыларды біріктіре отырып, тәжірибе, білім және озық тәжірибелермен алмасу алаңы ретінде қызмет етіп келеді. Олардың ортақ мақсаты – қауіпсіз, отбасылық үйлесімді ортада, зорлық-зомбылықсыз және өмірлік бағыты түзу жаңа ұрпақты қалыптастыру.

Форумда «ХХІ ғасыр әкесі: әрекетке шақыру» Декларациясы қабылданды.

Құжатта ХХІ ғасырда әке болу тек міндет емес, сонымен қатар алғашқы күндерден бастап баланың өміріне белсенді араласып, қамқорлық пен жауапкершілікті бөлісетін мүмкіндік ретінде қарастырылады.

Декларация сонымен қатар ХХІ ғасырдағы әкенің құндылықтарын анықтайды. Атап айтсақ сүйіспеншілік, қамқорлық пен құрмет көрсететін, баланы тәрбиелеуге, білім беруге және дамытуға белсенді араласатын, зорлық-зомбылықсыз ортаның қалыптасуына ықпал ететін, әйелдер құқығын құрметтейтін және гендерлік теңдікті сақтайтын, өзінің психикалық және физикалық денсаулығын күтетін, үйдегі міндеттер мен тұрмыстық жауапкершілікті бөлісетін адам, сонымен қатар өскелең ұрпаққа үлгі бола алатын тұлға.

Сондай-ақ құжатта 2030 жылға дейін ата-ана тәрбиесі, репродуктивті және психикалық денсаулық бағдарламаларына ерлердің қатысуын арттыруға, бүкіл ел бойынша әкелер клубтары мен қоғамдастықтарын құруға және қолдауға бағытталған міндеттемелер кіреді.

Соңғы жаңалықтар