• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан Кеше

Қазақстанның әскери теңізшілері халықаралық курстарға қатысты

40 рет
көрсетілді

Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің 5 әскери қызметшісі су асты миналарын тазарту бойынша халықаралық курстарға қатысып, біліктілігін арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап кеткен жөн, су асты миналарын тазарту бойынша курстар халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде өткізіледі.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Парсы шығанағы акваториясында практикалық сүңгу барысында әскери қызметшілер су астындағы жарылғыш заттарды анықтау және бейтараптандыру тактикасын пысықтады.

Капитан-лейтенант Жәнібек Салықбаевтың айтуынша мұндай іс-шараларға қатысу озық әдістемелер мен технологияларды қабылдауға мүмкіндік береді. Жағалау аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі операцияларға дайындықты арттыруға және серіктес елдердің әріптестерімен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар