• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Израиль мен Иран арасындағы текетірес ушығып барады

40 рет
көрсетілді

Израиль әскери шенеунігінің Reuters агенттігіне берген сұхбатына сәйкес, Иран жасырын түрде ядролық қару жасау бағдарламасын дамытып жатыр. Оның айтуынша, Тегеран бүгінде бірнеше күн ішінде 15 ядролық бомба жасауға жететіндей термоядролық материалға ие, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Осыған дейін, Израиль Тегерандағы бірнеше нысанға әуе шабуылын жасады. Сол шабуыл барысында Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мұхаммад Багери қаза тапқан. Израильдік ақпарат көздерінің хабарлауынша, генерал Багери бұл операцияның басты нысанасы болған.

Бұл оқиға аймақтағы ахуалды күрт шиеленістіріп жіберген. Израиль билігі 12 маусымда Иранға соғыс жариялау мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді.

Қауіпсіздікке байланысты Қазақстан Республикасының Израильдегі елшілігі сол елдегі отандастарымызға үндеу жариялап, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар