27 шілдеде Жапонияның Сайтама қаласында аралас жекпе-жектен өтетін RIZIN 4 турнирінде Қаршыға Дәуітбек Киома Акимотомен айқасады. 19 жастағы жергілікті жас жұлдыз осыған дейін тоғыз мәрте октагонға шығып, сегіз сайыста басымдық танытты. Кезінде «Алаш Прайдтың» сапында болған Қаршыға 21 бәсекенің 18-інде жеңіске жетті. Бір айта кетерлігі, 31 жастағы қазақ файтері кейінгі алты жылдан аса уақыт аралығында бірде-бір рет жеңілген жоқ, қатарынан 10 жекпе-жекте жеңіс тойын тойлады.