• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

СҚО-да 184 жол-көлік оқиғасы тіркелген

50 рет
көрсетілді

Жыл басталғалы бері Солтүстік Қазақстан облысында 184 жол-көлік оқиғасы болған. 7 адам қаза тапқан. 256 адам жарақат алған. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде рейдтер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Қауіпсіз жол» іс-шарасын өткізу кезінде басқару құқығынсыз жүру бойынша 135 жағдайға тосқауыл қойылған. Басқару құқығынан айырылса да көлікті тізгіндеген 72 жүргізуші жауапқа тартылған. Іс-шара шеңберінде тәртіп сақшылары 8 мыңнан астам түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзуды, оның ішінде 155 масаң жүргізушіні анықтаған.

Іс-шара 19 сәуірден басталып, 350-ден астам полиция қызметкері басқа ұйымдар өкілдерімен бірлесіп, қала сыртындағы трассаларда және елді мекендер көшелерінде тексеріс жүргізіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар