• RUB:
    6.5
  • USD:
    512.1
  • EUR:
    583.64
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2025

Жаңаөзенде халықаралық деңгейдегі спорт кешені салынып жатыр

1490 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында жаңа спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл жоба өңір жастарына арналған дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған маңызды бастама. Спорт кешені халықаралық стандарттарға сай салынып, тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет»,  деп атап өткен болатын.

Сол игілікті істердің бірі - Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бой көтеретін заманауи спорттық-сауықтыру кешені. Бұл ауқымды жобаны жүзеге асыруға еліміздегі ең ірі қайырымдылық ұйымдардың бірі - Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры ұйытқы болып отыр.

Бұл бастама – ел болашағы саналатын жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, оларды отансүйгіштік пен белсенді өмір салтына баулуға бағытталған нақты қадам. Президент тапсырмасы бүгінде шынайы істермен ұштасып, еліміздің түкпір-түкпірінде оң нәтижесін бере бастады.

Кешеннің іші халықаралық стандарттарға толықтай сай жабдықталып, көпфункционалды жаттығу және күрес залдары, киім ауыстыратын бөлмелер мен душ кабиналары, спорт құралдарын сақтайтын қоймалар, әкімшілік және техникалық бөлмелермен қамтылады. Сондай-ақ бейнебақылау жүйесі мен өрт қауіпсіздігі талаптары да толық ескерілген. Жалпы аумағы 3,87 гектарды құрайтын нысан 9 ай ішінде пайдалануға берілмек. Жобаның жалпы құны – 1,5 миллиард теңге.

Халқы тығыз қоныстанған, жастар үлесі жоғары Жаңаөзен қаласы үшін мұндай нысан аса қажет. Кешеннің артықшылықтары:

Қала тұрғындары спортпен тегін және қолжетімді түрде айналыса алады Балалар мен жасөспірімдерге арналған үйірмелер мен секциялар ашылады Кәсіби спортшылар үшін жаттығу базасы қалыптасады, жарыстар өткізу мүмкіндігі пайда болады Жаңа жұмыс орындары ашылады Жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалады

 

- Жаңаөзен қаласының жастары мен тұрғындары үшін осындай заманауи спорттық-сауықтыру кешенін салуға қолдау көрсеткені үшін Halyk қорына шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл нысан қаламыздың әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтып қана қоймай, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына және спортқа деген қызығушылығын арттыруға зор серпін беретініне сенімдіміз. Біз жастардың жарқын болашағы жолында барлық жағдайды жасауға әрдайым дайынбыз», - дейді Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев.

Жаңаөзенде бой көтеретін бұл кешен – тек спортпен шұғылданатын ғимарат қана емес. Бұл – жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, өмірлік дағдыларын шыңдауына, мықты ерік-жігер мен тәртіпке баулуына жол ашатын рухани-әлеуметтік орта.

- Өңірлердің дамуына тұрақты қолдау көрсету – біздің басты қағидатымыз. Әсіресе жастарға арналған жобаларға ерекше мән береміз. Өйткені бүгінгі буын – ертеңгі Қазақстанның тірегі. Спорттық-сауықтыру кешені – қоғам денсаулығын нығайтатын, әлеуметтік әл-ауқатты арттыратын стратегиялық бастама, - дейді Halyk қорының директоры Сағынбек Шүңкеев.

2023 жылдан бастап Құлыбаевтың қоры Маңғыстау облысын дамытуға 5 миллиард теңге бөлді. Қаражат жергілікті халықтың қаражат жергілікті тұрғындардың өмірін жақсы жаққа өзгертетін ресурстармен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ететін әлеуметтік маңызды бастамаларды іске асыруға бағытталған.

Айта кетейік, Halyk қорының  осы өңірде маңызды бірнеше бастамасы бар. Олар:

• Бейнеу астық терминалын қайта жандандыру – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтатын стратегиялық маңызды жоба. • Ақшұқыр және С. Шапағатов ауылдарына арналған тұщыландыру қондырғысы – 25 000-нан астам тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз етті. • Жаңаөзенде заманауи балалар алаңдары мен футбол алаңдарын салу – балалар мен жастардың белсенді демалысы мен дамуы үшін арнайы аймақтар құрылған.

Дамира Төлеген,                                                                                                

ЕҰУ студенті