• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Мамыр, 2025

Газада Израиль шабуылынан тағы бір журналист көз жұмды

30 рет
көрсетілді

Израиль армиясының Газа секторына кезекті шабуылынан «Al-Quds Al-Yawm» спутниктік телеарнасының фототілшісі Мутез Мохаммад Раджаб қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша, 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында израильдік әскери әрекеттерден қаза тапқан журналистердің саны 221 адамға жеткен.

Айта кетейік, марқұм аймақтағы қарулы қақтығыстарды түсіріп, оқиғаның эпицентрінен ақпарат таратқан БАҚ өкілдерінің бірінен болған.