• RUB:
    6.46
  • USD:
    509.26
  • EUR:
    574.75
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

«Болашақ» шахтасындағы өрт оқиғасын тергеу басталды

70 рет
көрсетілді

«Қазхром Трансұлттық компаниясы» АҚ-ның Дон тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасында болған төтенше жағдайдан кейін арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 26 мамыр күні шахтада сутегі газы бөлініп, соның салдарынан өрт шыққан. Апат кезінде үш қызметкер түрлі дәрежеде күйік алып, ауруханаға жеткізілген еді.

Вице-министр шахтада болып, зардап шеккен жұмысшылардың жағдайымен танысқан. Сол күні-ақ вице-министрдің төрағалығымен шахтада кәсіпорын өкілдері мен мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңес өткен.

Кеңес қорытындысы бойынша, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев басқаратын арнайы комиссия құрылып, апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтау жұмыстары басталды.

«Қауіпсіздік мақсатында шахтадағы барлық өндірістік жұмыстар уақытша тоқтатылған. Бұл шешім сутегі шығарындыларының қайталану қаупін азайту және жұмысшылардың өмірін қорғау мақсатында қабылданды. Бұдан бөлек, болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін сутегі мен басқа да ілеспе газдардың бөліну механизмін, олардың тау-кен өндірісіне әсерін зерттеу үшін ғылыми-зерттеу институттарын тарту ұсынылды», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, тергеу қорытындысы мен шахтаның ары қарайғы жұмысы жөнінде ақпарат қосымша хабарланатын болады.