• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Бүгін, 12:46

Өрттің алдын алу шаралары

20 рет
көрсетілді

Осы күндері Солтүстік Қазақстан облысының аумағында республикалық командалық-штабтық «Өрт-2025» оқу-жаттығулары өтуде. 

Ол Айыртау ауданындағы «Көкшетау» Ұлттық табиғат паркінен басталды, ал үйлестіру штабы Павлодар облысының аумағында құрылды.

Оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар министрлігінің, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының ТЖҚ құтқарушылары мен өрт сөндірушілері қатысуда. Сонымен бірге жергілікті билік пен ПД қызметкерлері тартылған.

«Оқу-жаттығудың мақсаты – жазғы күндері болуы мүмкін алапат өрт кезінде барлық құтқарушы күштердің іс-әрекетін үйлестіруді жетілдіруге арналған», дейді СҚО ТЖҚ бастығының орынбасары М.Қанғужинов.

Оқу-жаттығуға 80-нен артық арнаулы техникалар, соның ішінде тікұшақтар және 200-ден артық адам қатысуда.

Солтүстік Қазақстан облысы