• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Ғылым Бүгін, 16:38

Марсқа қоныстану ақиқатқа айнала ма

30 рет
көрсетілді

Адамзаттың Марсқа қоныстану арманы ғылыми фантастикадан шынайы мақсатқа айналып келеді. NASA, ESA және SpaceX сияқты компаниялар бұл бағытта нақты қадамдар жасап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

SpaceX компаниясы Марсқа алғашқы адамды 2026 жылы жіберуді жоспарлап отыр. Бұл үшін 1000 Starship кемесін пайдаланып, әр 26 ай сайын миллион адамды Марсқа жеткізу көзделуде. Марсқа қоныстану -тек бір елдің емес, бүкіл адамзаттың жобасы. NASA, ESA және басқа да ұйымдар бұл мақсатта бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Мысалы, Artemis Accords ұйымы. Бұл ұйым ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін алғаш рет Америкада құрылды.

Марста ауа бар, бірақ тыныс алу мүмкін емес. Себебі, Марстың атмосферасы 96% көмірқышқыл газынан тұрады. Оттегі мөлшері небәрі - 0.13%, яғни адамның тыныстауына мүлдем жарамсыз. Онда тұру үшін арнайы киімдер, герметикалық үйлер қажет. Сонымен қатар бұл планетада ауырлық күші Жердегіден үш есе төмен. Бұл дегеніміз - 60 кг салмақтағы адам Марста өзін 20 кг секілді сезінеді. Бұл қызық болғанымен, денсаулыққа зияны да бар. Мәселен, бұлшық еттер мен сүйектер әлсірейді, сондықтан жаттығу мен медициналық бақылау қажет.

 

Марс планетасы туралы қызықты деректер

Ғылымда Марстың тағы бір атауы - қызыл планета. Планетаның беті темір тотығына (тот) толы болғандықтан топырақ қабаты қызыл түске айналған. Марста үлкен жанартау бар. Жанартау Olympus Mons деп аталады. Ол - Күн жүйесіндегі ең үлкен жанартау. Биіктігі - 22 шақырым (Жердегі Эвересттен 2,5 есе биік).

Марсқа қоныстанудың негізгі кедергілері қандай болмақ?

Әрине уақыт бойынша бейімделу қиынға соғады. Себебі, Марстағы бір тәулік -шамамен 24 сағат 39 минут 35 секундты құрайды.Жердегі бір тәулік -24 сағат. Айырмашылығы Марстағы бір күн (оны сол деп атайды) Жердегі күннен шамамен 39,5 минутқа ұзағырақ. Ал Марстағы бір жыл - шамамен 687 Жер күніне тең.

Климаттық жағдайдың қолайсыздығы планетада өмір сүру мүмкіндігін азайтады.Марстағы орташа температура - 63°C, ал түнде - 125°C дейін төмендейді. Жиі болатын шаңды дауылдар күн энергиясын бөгеп, құрылғылардың жұмысын қиындатады.

Марсқа шамамен 6–9 айда жетуге болады.

Марсқа қоныстану ғылыми тұрғыда мүмкін болғанмен таяу болашақта (10–20 жылда) толыққанды колония құру – өте қиын. Алғашқы қадам ретінде шағын зерттеу базалары орнатылып, онда аздаған адам уақытша өмір сүруі мүмкін. Яғни, Марсқа адам жіберілетіндігі -шындық, бірақ тұрақты қоныстану мүмкіндігі - әзірге белгісіз.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ

ЕҰУ 2-курс студенті