• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Қылмыс 22 Мамыр, 2025

Алматы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

50 рет
көрсетілді

Алматы қалалық ПД-нің тергеу басқармасы өткен жылдың шілде айында тұрғынның өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық көрінісін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүріп жатыр.

- Тергеу шеңберінде материалдар жинақталып, талдануда, куәлардан жауап алынуда, бейнежазбалар зерделенуде, заңда көзделген басқа да процессуалдық әрекеттер жүзеге асырылуда, - деп жазды департаменттен.

Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында.

- Біз марқұмның туыстарының бастан кешкен қайғысына шын жүректен ортақтасамыз. Сонымен қатар, соңғы процессуалдық шешім барлық тағайындалған сараптамалардың нәтижелерін алғаннан кейін және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін қабылданатын болады, - делінген хабарламада.