Италияның Турин қаласында өткен «Челенджер» турнирде бас жүлдені олжалағаннан кейін Қазақстанның ең үздік теннисшісі Александр Бублик АТР рейтингінде бірден 25 сатыға жоғарлап, қазіргі кезде ол 51 орынды иеленуде.
Еліміздің екінші ракеткасы Александр Шевченко 97 орынды еншілеуде. Ерлер арасында әиталиялық Янник Синнер көш бастап тұр. Екінші және үшінші орындарды испаниялық Карлос Алькарас пен германиялық Александр Зверев өзара бөлісуде. Сондай-ақ, ТОП-10 ойыншының қатарына Тейлор Фриц (АҚШ), Джек Дрейпер (Ұлыбритания), Новак Джокович (Сербия), Лоренцо Музетти (Италия), Каспер Рууд (Норвегия), Алекс де Минуар (Аустралия) және Хольгер Руне (Дания) еніп отыр.
WTA рейтингінде беларусьтік Арина Соболенко алдына жан салмар емес. Оны АҚШ-тың қос өкілі Кори Гауфф пен Джессика Пегула өкшелеп келеді. Сонымен қатар, үздік ондықтың қатарында Жасмин Паолини (Италия), Ига Свентек (Италия), Мирра Андреева (Ресей), Чжэн Циньвэнь (Қытай), Мэдисон Киз (АҚШ), Эмма Наварро (АҚШ) және Паула Бадоса (Испания) бар. Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина 12 орынды қанағат тұтса, Юлия Путинцева 31 сатыға жайғасты.
Сондай-ақ, Жапониядағы жеңісінен кейін Зарина Диастың да жағдайы біршама жақсарғанын айта кетуге тиіспіз. Күн шығыс елінде бас жүлдені олжалаған жерлесіміз бірден 43 сатыға жоғарлап, бұл күндері 275 орынға табан тіреп тұр.