• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 08:10

Бублик пен Диас дара шықты

20 рет
көрсетілді

Өткен аптада әлемнің әр қиырында жалауы желбіреген теннисшілдердің ірі халықаралық турнирлерінде еліміздің өкілдері табысты өнер көрсетті.

Италияның Турин қа­­ласында Александр Буб­­­ликтің жұлдызы жан­ды. «Челленджер» сана­тын­дағы додада еліміз­дің бі­рінші ракеткасы қар­сы­лас шақ келтірмеді. Жүл­­де қоры 227 270 ­еуро­­ны құраған жарыстың бас­тапқы бәсекеле­рін­де барлық қарсыласта­рын еш қиналмай ұт­қан жерлесіміз ширек финалда әлемдік рейтингте 51-орында тұр­ған аргентиналық Томас Мартин Этчеваримен күш сынасты. 25 жастағы Оңтүстік Американың оғыланы осыдан екі жыл бұрын Ролан Гаррос­тың ширек финалына дейін жетіп, үздіктер тізімінде 27-орынға де­йін көтерілді. 2 сағат 04 минутқа созылған са­йыс 6:2, 3:6, 7:5 есебімен Бубликтің пайдасына ше­шілді. Жартылай финалда Александр АТР рейтингінде 71-сатыда тұрған германиялық Даниель Альтмайерден айласын асырды – 6:2, 6:4. Финалда қытайлық Бу Юден (73) басым түсті – 6:3, 6:3. Екі жылға созылған үзілістен кейін кортқа қайта оралған Зарина Диас та өз жанкүйерлерін қуантты. Ол Жапония­ның Курумэ қаласында жалауы желбіреген ITF W50 турнирінде алдына жан салмады. Алғашқы ­айналымдарда жергілік­ті ойыншыларды ұт­қан жерлесіміз жартылай финалда қытай­лық Мейлин Ванды қапы қалдырды – 6:3, 3:6, 7:5. Финалда жапониялық Аяно Шимицуге шаң қаптырды – 6:4, 6:3. Еліміздің екінші ра­кеткасы Юлия Пу­тин­цева Францияның Страс­бургіндегі турнирдің тұ­саукесер кездесуінде сло­вакиялық Ребекка Шрам­коваға еш қайрат көрсете алмады – 0:6, 4:6. Жарыста Путинцевадан бөлек Елена Рыбакина да өнер көрсетеді. Ол ал­ғаш­қы айналымда бос болды. Екінші кезеңде бі­рінші ойынында герма­ниялық Ева Лис­ті жең­ген қытайлық Ван Синьюй­мен шеберлік байқасады.