• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Мамыр, 2025

Соңғы қоңырау шарасына бірқатар шектеулер енгізілді

100 рет
көрсетілді

Биыл еліміздегі мектептерде оқу жылы 23 мамырда аяқталады. Бұл күні барлық білім ұясында «Білімім – Отаныма!» атты республикалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Шара барысында «Адал азамат» бағдарламасының негізгі құндылықтарына ерекше көңіл бөлінеді, деп жазады Egemen.kz.

Сынып сағатында оқушыларға жаз мезгілінде оқуға болатын әдебиеттер мен көруге лайық фильмдер тізімі ұсынылады. Сонымен қатар, демалысты тиімді ұйымдастырудың маңыздылығы, қауіпсіздік шаралары, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың пайдасы туралы айтылады.

Министрлік тарапынан мектеп бітіру шарасын өткізуге қатысты  шектеулер енгізілді. Атап айтқанда, ата-аналардан ақша жинауға, сынып ішінде дастархан жаюға, аниматорлар мен жеке агенттіктерді шақыруға, көлікпен шерулер ұйымдастыруға, мектепке дейінгі ұйымдарда салтанатты жиындар өткізуге, сондай-ақ мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне сыйлық алуға қатаң тыйым салынады. Соңғы қоңырау шарасына  оқушының бір заңды өкілі ғана қатыса алады.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ

ЕҰУ 2-курс студенті