Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде дәстүрлі әнші, Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосыновты марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
«Бүгін ұлттық өнердің майталманы Қайрат Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріледі. Халқымыздың жан-дүниесін айшықтай көрсететін халық өнері әрдайым төрде болуы керек. Бұл марапат – әйгілі әншінің өлшеусіз еңбегі мен ұлттық өнерімізге деген ерекше құрметтің белгісі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қайрат Байбосынов – Арқа дәстүрлі ән мектебінің жарқын өкілі. Ол халық және халы композиторларының шығармаларын ел көлемінде ғана емес, әлемдік сахналарада орынған талантты өнерпаз.