Таяу күндері Алматыдағы Қала құрылысын бақылау басқармасы Рахат-Мәдениет шағын ауданында «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізіп жатқан су құбырлары мен кәріз желілерінің құрылысына инспекциялық тексеру жүргізген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталған.
Атап айтқанда, кейбір учаскелерде қайтадан топырақ толтырылмаған, ал кей жерлерде қабаттап тығыздау жұмыстары жүргізілмей, топырақ төселген, бұл жол жабындысының шөгуі мен опырылуына алып келген.
Сондай-ақ, қорғаныс қоршаулары, тіреулер, ор траншеяларының еңістерін өңдеу жұмыстары жүргізілмегені анықталды. Бұған қоса, жобадан басқа да олқылықтар табылды.
Ендігі жерде ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше баптары бойынша әкімшілік шаралар қабылдау мақсатында жоспардан тыс тексеріс басталады.