• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 13:50

Қазақстан мен Иран архив және кітапхана ісінде әріптестікті нығайтады

20 рет
көрсетілді

18 мамырда Тегеранда өткен ресми кездесуде «Ғылым ордасы» РМК мен Иранның Ұлттық кітапханасы және архиві ғылым, архив және кітапхана салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған меморандумға қол қойды. Екі ел арасындағы келісім құжаттық мұраны сақтау, қалпына келтіру және цифрландыру бағыттарында тәжірибе алмасуды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстан делегациясы жиналыс барысында Иран архиві мен кітапханасының инфрақұрылымымен, атап айтқанда құжаттарды сақтау жүйесімен, қалпына келтіру және консервациялау бөлімдерінің жұмысымен, сондай-ақ цифрландырудың заманауи әдістерімен жан-жақты танысты.

Кездесу нәтижесінде «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Ұлар Мұқажанов пен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы және архиві басшысы Голямреза Амирхани (Gholamreza Amirkhani) ғылым, архив және кітапхана ісі салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды.

Ұлар Мұқажанов бұл келісімді екі ел арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды дамыту жолындағы маңызды кезең ретінде атап өтті.

«Иранмен архив және кітапхана ісі саласындағы әріптестік – бұл тек кәсіби тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар құжаттық мұраны сақтау, қалпына келтіру және цифрландыру бағыттарындағы озық тәжірибемен бөлісудің тиімді алаңы. Мұндай ынтымақтастық екіжақты мәдени-ғылыми қарым-қатынасты жаңа сапалық деңгейге көтереді», деді «Ғылым ордасы» РМК бас директоры.

Меморандум Қазақстан мен Иран арасындағы архив және кітапхана ісіндегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, халықаралық серіктестікті кеңейтудің маңызды негізі болды. Ол екі елдің бірлескен ғылыми жобалары мен цифрландыру саласындағы зерттеулерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл келісім «Ғылым ордасының» халықаралық дамуына серпін беріп, Қазақстанның ғылыми және мәдени мұрасын әлемге кеңінен танытуға жол ашады.