• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:53

Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады

40 рет
көрсетілді

15 мамыр күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары өтеді. Осыған орай елорда аспанында жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету мақсатында 10 мамырдан бастап әуе кеңістігінде әскери авиацияның дайындық жұмыстары мен жаттығу ұшулары басталады.

Қорғаныс министрлігі ұшу іс-шараларының қала тұрғындары үшін толықтай қауіпсіз екенін атап өтті.

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырады: 66 адам қаза тапты

«Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу іс-шаралары қауіпсіз биіктікте жүзеге асырылады және қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен демонстрациялық ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің артуына түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген хабарламада.

Демонстрация кезінде қолданылатын түрлі түсті түтіндер тек шоудың көркемдік сипатын арттыруға арналған. Олардың қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына ешқандай зияны жоқ.

Барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылған және халыққа ешқандай қауіп төндірмейді.

Соңғы жаңалықтар