• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:13

Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

60 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» бүгін, 10 мамырда еліміздің барлық өңірінде ауа райының күрт нашарлайтынын мәлімдеді. Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және барлық 17 облыста найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі.

Астана қаласында ауа температурасы күндіз 12-14 градусқа дейін төмендеп, 11 мамырға қараған түні үсік жүруі мүмкін.

Алматы қаласында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр, кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шымкент қаласында да найзағаймен бірге қатты жаңбыр күтіледі.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында да ауа райы тұрақсыз болып, кей жерлерде дауыл мен шаңды дауыл болжанып отыр.

Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Ақмола облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.

Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр мен найзағай болады, кей жерлерде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар