Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты экс-мəслихат депутаты Алёна Беленцева мен кәсіпкер Дамир Мергенбаевқа қатысты үкім шығарды. Олар аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған,деп хабарлайды Egemen.kz.
Істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тергеген. Тергеу деректері бойынша, 2020 жылы сотталушылар ТОО «Олимп Транс Сервис» компаниясы атынан Ерейментау ауданында жел электр станциясын салуға 23,2 млрд теңгеге шарт жасаған.
Алайда, жасалған шарттардың жалған екені анықталған. Ақша серіктес компаниялардың есепшоттарына аударылып, кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырылған. Нәтижесінде мемлекетке 8,5 млрд теңгеден астам залал келтірілген.
«Сот үкімімен Беленцева кінəлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай, Мергенбаевқа 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген сот хабарламасында.
Сонымен қатар, 8,5 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талап қанағаттандырылып, оған сәйкес қазіргі уақытта құны 13 млрд теңгеден асатын мүлікке (зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көліктер) тұтқын салынған.
Мүлікке салынған тыйым азаматтық талап толық орындалғанға дейін сақталады.
Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.