• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 11:04

Алматы облысында оннан астам мал ұрлығына қатысы бар барымташылар қолға түсті

20 рет
көрсетілді

Алматы облысы Балқаш ауданында мал ұрлығын «кәсіп» еткен күдіктілер қолға түсті. Олардың 10-нан астам мал ұрлығына қатысы бары анықталған.

Жедел іздестіру іс-шаралары аясында аталған ауданда бірқатар мал ұрлығына қатысы бар үш ер адам ұсталды.

Тергеу ісінің басталуына Береке ауылынан 8 шақырым жерде орналасқан жайылымнан ірі қара малдың жоғалғаны туралы жергілікті тұрғынның өтініші себеп болған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2,4 миллион теңгені құрайды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Жедел іс-шаралар барысында Береке ауылының маңында полиция қызметкерлері «Volkswagen Jetta»  автокөлігін тоқтатты. Автокөлік салонында екі адам болған, көлікті тексеру кезінде сиыр малының екі тұтас еті, тегіс ұңғылы мылтық, балта және ас үй пышақтары табылып, тәркіленді. Кейін тәртіп сақшылары қылмыстық топтың тағы бір мүшесін ұстады. Күдіктілердің үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің өкілі.

Қазіргі уақытта бұл топтың 10-нан астам мал ұрлығына қатысы бары дәлелденді. Олардың аймақтағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға бар-жоғын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

    Алматы облысы.