Біржан сал ауданында кәсіпкерлерден 250 құты ішімдік тәркіленді. Алкогольдік өнімдер ілеспе қосымша құжаттарсыз сатылған.
Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Райгородок және Николаевка елді мекендерінде 40,5 литр есепті-бақылау таңбасы жоқ алкоголь өнімі, 2000 литр дизель отыны, алпыс қораптан астам темекі тәркіледі. Тиісті материалдар аудандық сотқа жіберілмек. Акцизделінетін тауарлардың айналымы сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға тиісті. Сонымен бірге, тауадың ілеспе қосымша құжаттары болуы шарт.
– Біз өз тарапымыздан акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымы елеулі құқық бұзушылық екенін ескертеміз, – дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Айнұр Елікбаева, – қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң санкция қарастырылған. Өнім тәркіленіп, бас бостандығынан айыру жазасы да көзделген.
Заңсыз өнімдердің жолы кесілсе, тәртіп те нығая түсер еді.
Ақмола облысы,
Біржан сал ауданы.