• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2025

Алматы облысында жол-көлік оқиғасы көбейген

30 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы жол-көлік оқиғасы өсімімен күрес жөніндегі жұмыс кездесуі өтті. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің департаменті зардап шеккендермен, қаза тапқандармен орын алған барлық жол-көлік оқиғаларын (ЖКО) есепке алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында комитеттің тапсырмасы бойынша облыстық прокуратура мен басқа да уәкілетті органдардың өкілдері кірген ведомствоаралық жұмыс тобы (ВЖТ) құрылды. ВЖТ заңнама талаптарын күшейту, ЖКО-ны есепке алу мен тіркеуді жетілдіру, сондай-ақ алдын алу және ескерту шараларын іске асыру бағытында жұмыс жүргізуде. Бұл – жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді тәсіл. Өйткені, өңірдегі жағдай айтарлықтай алаңдаушылық тудыруда.

Биылғы жылдың алғашқы төрт айында Алматы облысында жол-көлік оқиғаларының саны 55,5%-ға, зардап шеккендер саны 92,3%-ға артты. Қаза тапқандар саны 28%-ға өсті, олардың ішінде 5 кәмелетке толмаған бала бар.

Азаматтардың хабардарлығын арттыру және жаңа жол апаттарының алдын алу мақсатында департамент апаттық қауіпті жол учаскелерінің интерактивті картасын әзірледі. Оған мобильді телефон арқылы QR-кодты сканерлеп қол жеткізуге болады.

Карта арқылы тіркелген ЖКО санын көруге,      ең қауіпті жол учаскелерінің қай жерде орналасқанын білуге болады. (Картаны көрсету жоспарлануда).

ЖКО-ның алдын алу жұмысы Алматы облысының мемлекеттік органдарының тұрақты бақылауында.

Алматы облысы