• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Өшпес даңқ 09 Мамыр, 2025

Қарағандыда Жеңіс күніне орай ашық аспан астандағы көрме өтті

40 рет
көрсетілді

9 мамырда Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі Жеңіс саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты ашық аспан астындағы көрме-инсталляция өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Көрме қарағандылықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігін ұрпаққа үлгі етіп көрсету, елге деген сүйіспеншілікті, патриоттық рухты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Көрмеде музей қорынан алынған фотосуреттер, құжаттар, майдан хаттары, жауынгерлердің жеке заттары мен әскери бұйымдар ұсынылды. Соғыс кезіндегі эвакогоспитальды бейнелейтін инсталляциялық шатыр келушілердің қызығушылығын тудырды.