• RUB:
    6.35
  • USD:
    514.5
  • EUR:
    582.67
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:00

Алматыда 15 жыл бойы жөнделмеген төрт субұрқақ қайта жаңартылады

30 рет
көрсетілді

Жаңғырту жұмыстары әкімдік ғимаратының Шығыс және Батыс беткейлеріндегі, Республика алаңындағы және Ғабит Мүсірепов атындағы театр жанындағы субұрқақтарды қамтиды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың 2025 жылғы 1–30 сәуір аралығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау жөніндегі есебінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2025 жылдың 15 сәуірінде жалпы сомасы 5,6 миллиард теңгені құрайтын келісімшарт жасалып, төрт субұрқақ кешенін жаңғырту басталды.

Әкімнің баяндамасында Сайран көлін абаттандыру және Алматыдағы қоғамдық кеңістіктерді дамыту барысы да қамтылған.

Бүгінде Сайран көлінің маңайындағы жұмыстардың 90 пайызы аяқталған. Жоба аясында Германиядағы «Lorberg» питомнигінен әкелінген, биіктігі 6 метрден асатын 200 ірі ағаш пен 3 300-ден астам бұта отырғызылды.

Сонымен қатар, қоғамдық кеңістікті кеңейту мақсатында Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында жаңа сквер салынып жатыр. Мұнда биіктігі 6 метрден жоғары 50 ағаш отырғызылған. Қазір бұл аумақта су резервуары әзірленіп, инженерлік желілер тартылуда.