Бұл туралы Иранның Хормозган провинциясының губернаторы Мохаммад Ашури Тазиани айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Бұған дейін Иран парламентінің депутаты, Денсаулық сақтау және медициналық қызмет комиссиясының мүшесі Мохаммад Джамалиан олардың көпшілігінің аты-жөні белгісіз болып қалғанын, сондықтан әзірге із-түзсіз жоғалғандардың санын анықтау мүмкін еместігін хабарлаған.
Оның айтуынша, порт аумағында әлі де марқұмдардың мәйіті табылуы мүмкін. Зардап шеккен 240 адам ауруханада жатыр, оның бесеуінің жағдайы ауыр.
Еске салайық, 26 сәуірде Иранның Бендер-Аббас қаласындағы Шахид-Раджаи портында жарылыс болды. Жарылыс салдарынан портта орналасқан ғимараттар мен көліктерге айтарлықтай зиян келген. Елде үш күндік аза тұту күні жарияланды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.