• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Сәуір, 2025

Олигархтардан тәркіленген зергерлік бұйымдар нешеге сатылды?

20 рет
көрсетілді

23 сәуірде E-Qazyna электронды платформасында бес бірдей зергерлік бұйым бойынша аукцион түріндегі сауда-саттық өтті. Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы мәлімдеді.

Сатылған зергерлік бұйымдардың қатарында қайтарылған активтер болатын «CARTIER LOVE» білезігі мен жүзігі, изумруд тасы бар сырғалар, аквамарин тасы бар жүзік, гауһар тасты алтын жүзік және інжу мен гауһар тастармен көмкерілген сырғалар бар.

Реализацияланған активтердің жалпы сомасы — 5 425 246 теңге.

— Зергерлік бұйымдарды сату азаматтардың әлеуметтік бастамаларды дамытуға саналы түрде қатысуының жарқын мысалы. Аукцион арқылы активтерді сатып ала отырып, әрбір қатысушы ел болашағына үлес қосады. Себебі түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, маңызды қоғамдық жобаларды қолдауға жұмсалады, — деп хабарлады Қайтарылған активтерді басқару компаниясы.