• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Сәуір, 2025

Жарыс күнделігі: Спорттық гимнастика

20 рет
көрсетілді

Спорттық гимнастикадан Дохадағы Әлем кубогінің екінші кезеңінде Милад Карими екі бірдей бас жүлдені олжалады. 25 жастағы Алматының өрені алғашында еркін жаттығуда алдына жан салмаса, одан кейін кер­меде қарсылас шыдатпады. Миладтан бөлек, Алтынхан Темірбек пен Нариман Құр­банов та жеңіс тұғырына көте­рілді. Алтынхан («ат») күміс, Нариман (еркін жаттығу) қола медаль иеленді.

Мадридте ұйым­дас­ты­рылған ITF W100 турнирі ита­лия­лық Николь Фосса Уэр­гомен жұп құрған Жібек Құламбаеваның жеңісімен аяқ­­талды. Финалда олар испа­ния­лық Марина Бассольс пен Андреа Лазаро Гарсияны 7:6, 6:7, 10:4 есебімен ұтты. Осы күнге дейін жеңілістің кермек дәмін татпаған аралас жекпе-жек шебері Аян Тұрсын (7-0) Алматыдағы «Octagon 71» турнирінде қырғызстандық Фарида Абдуевамен (4-1) күш сынасты. Бұл бәсеке қазақ қызы өзін жақсы қырынан көрсете алмады. Фарида ұпай санымен жеңіске жетіп, Аянды аталған промоушеннің чемпиондық белбеуінен айырды. Хабаровскіде өткен Кеңес Одағының батыры Константин Коротковты еске алуға арнал­­ған халықаралық турнирде еліміздің боксшылары 11 жүлде жеңіп алды. Сәкен Бибосынов (54 кг) пен Нұрлан Сапарбай (+92 кг) алтын тұғырға көтерілді. Сағындық Тоғамбай (92 кг), Айдана Забынбекова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Ұлдана Таубай (66 кг) финалда ұтылса, Теміртас Жүсіпов (48 кг), Жандос Қыдыралиев (63,5 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (67 кг), Гүлнәр Тұрапбай (50 кг), Аружан Жаңабаева (66 кг) үздік үштікті түйіндеді.