• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Сәуір, 2025

Жарыс күнделігі

0 рет
көрсетілді

Шайбалы хоккейден елі­міздің әйелдер құрамасы ІА дивизионындағы әлем чем­пио­натын сәтті бастады. Тұсау­ке­сер кездесуде қыздарымыз Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен еңсерді. Ойыншылар арасынан Юлия Буторина, Мунира Саяхатқызы, Надежда Фили­монова, Анна Пяткова мерген­дік танытты.

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанау­дан 2027 жылғы әлем чемпионаты Финляндияның Тампере қаласында өтетінін ресми түрде растады. Жарыс жалауы 15-21 наурыз аралығында желбірейді. Биылғы Гран-при додаларын мына мемлекеттер қабылдайды: Франция (17–19 қазан), Қытай (24–26 қазан), Кана­да (31 қазан – 2 қараша), Жа­пония (7–9 қараша), АҚШ (14–16 қараша), Финлян­дия (21–23 қараша). Финалдық сайыс 4–7 желтоқсан аралығын­да Жа­понияның Нагоя қаласын­да ұйымдастырылады. Таеквондодан Сербия­ның астанасы – Белградта өткен Serbia Open G1 халықаралық турнирінде еліміздің құрама­сы мол олжаға кенелді. Кадет­тер екі алтын, бір күміс, үш қола медальды иеленсе, жас­өспірімдер төрт алтын, бір қоланы еншіле­ді. Нәтижесінде, жалпы есепте жерлестеріміз бірінші орын­ға ие болды. Же­келеген таеквондошылар арасынан Хам­зальпер Ромашкин, Диас Байдоллаев, Теміржан Тас­қын, Нұрперзент Саматұлы, Қа­нат Рахымберді, Егор Шаптефраць қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжалады. 11–13 сәуір аралығында Францияның Мец қаласында үстел теннисінен WTT Youth Star Contender Metz халықаралық турнирі өтеді. 19 жасқа дейінгі (U19) спортшылар арасын­дағы жарыста қарағандылық Алан Құрманғалиев те өнер көрсетеді. Қазақ спортшысы жекелеген сында және ұлыбританиялық Коннор Грин­мен бірге жұптық бәсекеде бақ сынайды. Футболдан УЕФА Чем­пиондар лигасының ширек финалының алғашқы кез­­де­сулері өтті. Бәсекелердің үше­уінде алаң иелері жеңіс то­йын тойлады. Лондонның «Ар­сеналы» Мадридтің «Реа­лы­­ның» қақпасына жауап­сыз үш гол соқты – 3:0. «Барсе­лона» Дортмундтан келген «Борус­сияның» тас-талқанын шығарды – 4:0. Париждің ПСЖ-сы «Астон Вилланы» еш қиналмай ұтты – 3:1. Мюнхеннің «Бавариясы» өз алаңында «Интерге» есе жіберді. Қарымта матчтар 16–17 сәуір күндері өтеді.