• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Өндіріс 09 Сәуір, 2025

Астанада жаңа вагондар жасалып жатыр

70 рет
көрсетілді

Астанадағы «Stadler Қазақстан» ЖШС зауытында теміржол көлігін жаңғырту бағдарламасы аясында жолаушылар вагондарының сериялық өндірісі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жоба «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамымен жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылып жатыр. Келісімге сәйкес, 2030 жылға дейін жалпы саны 557 вагон шығарылады. Оның ішінде купе, плацкарт, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы вагондар мен генераторлық вагондар бар.

Қазіргі уақытта зауытта 400-ден астам қызметкер жұмыс істейді және толық өндірістік цикл жолға қойылған. Атап айтқанда, мұнда:

Вагон корпустарын дәнекерлеу және сырлау;

Электр жабдықтарын құрастыру;

Арбашықтарды жасау және орнату;

Ішкі жабдықтарды орнату;

Вагондарды пайдалануға бермес бұрын статикалық және динамикалық сынақтар жүргізіледі.

Соңғы екі жылда зауыт ауқымды жаңғыртудан өтіп, заманауи технологиялар енгізілді. Бұл жергілікті мамандарды оқытып, өндірістің жоғары деңгейде отандық болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Stadler компаниясының вагондары — 40 ұйықтайтын орынмен жабдықталған жайлы купелік вагондар. Олар заманауи кондиционер жүйесімен, бейнебақылаумен, электрлік жылыту құрылғысымен және автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады. Әр купеде жолаушыларға арналған электр розеткалары мен USB-ұяшықтар орнатылады.

Жаңа вагондардың маңызды ерекшелігі — олардың сыртқы дизайны Қазақстанның мемлекеттік туының түстерімен — көгілдір, сары және ақ реңдермен безендірілетін болады. Бұл ұлттық болмыс пен еліміздің рәміздерін айшықтайды. Сонымен қатар, вагондар Қазақстанның климаттық жағдайы мен қалалар арасындағы ұзақ қашықтықтарға бейімделіп жасалады.

Келісімшарт шарттарына сәйкес, биылғы жылдың өзінде алғашқы 51 вагон «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға тапсырылмақ. Бұдан бөлек, зауыт шығарылған вагондарға 20 жыл бойы техникалық қызмет көрсетеді. Бұл олардың үздіксіз жұмыс істеуін және ұзақ қызмет етуін қамтамасыз етеді.